Қызылжар креатив орталығында Қазақстан халқының тілдері күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «TIL FEST» фестивалі өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен өңір жастары қатысты. Мерекеде облыс әкімінің орынбасарлары Жүсіп Жұмағұлов пен Нұрлан Кеңесов болды.
«TIL FEST» фестивалі әртүрлі мәдениеттер мен ұрпақтарды бір ортаға жинады. Бұл күні мемлекеттік тіл саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтар құрметтелді: белсенділер мен педагогтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
СНХ:КЕМЕЛ ОСПАНОВ СҚО «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ
Этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын аша түсті. Өнерпаздар ұлттық әндер шырқап, би билеп, әр этностың мәдени байлығын көрсетті. Мереке алаңы достық пен татулықтың мекеніне айналды.
«TIL FEST» фестивалі – тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігі бүкіл Қазақстанды біріктіретін қымбат қазына екенін айқын дәлелдеді.