«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы аумағында өткен көшпелі жиын барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жағдайымен және инженерлік желілер құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ аймақ аумағында жүзеге асырылып жатқан кәсіпорын жобаларын қарады.

Жиында инженерлік коммуникацияларға дер кезінде қосылу мәселесіне және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар қолданыстағы және жоспарланған жобалардың іске асу кезеңдерін талқылап, алдағы уақытқа басымдық берілетін міндеттерді айқындады. Бүгінгі таңда негізгі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы аяқталды, соның ішінде құны 1,3 млрд теңге болатын су құбыры тартылды.

СНХ:ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, ҚҰРЫЛЫС, АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Сонымен қатар екі ауқымды жоба да аяқталды – құны 2,5 млрд теңге болатын электр желісі тартылып, сондай-ақ 1,2 млрд теңгеге магистральдық нөсерлік кәріз жүйесі салынды.

СНХ:ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, ҚҰРЫЛЫС, АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Қазіргі таңда жылу желілерін тарту жобасы жүзеге асырылып жатыр – жұмыстарды биылғы қазан айында аяқтау жоспарланған. Жалпы құны – 1,1 млрд теңге. Бұдан бөлек, 2026 жылы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы аумағында ұзындығы 2,3 шақырым болатын теміржол желісін салу көзделген. Оған 1 млрд теңге бөлінеді. Осы кезеңде жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын автожол желілерінің құрылысы да аяқталмақ. Бұл жобаны жүзеге асыруға 15,8 млрд теңге қарастырылған.

СНХ:ЕРЛАН БЕГАЛИН, «АБК-АВТОДОР НС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

і

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №3 ішкі аймағында 16 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған. Жалпы аумақтың көлемі – 160 гектар. Барлық жобалардың құны 105,5 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде шамамен 1700 жаңа жұмыс орны ашылмақ.


Ішкі аймақта жүзеге асатын болашақ кәсіпорындардың бірі – толық циклді саңырауқұлақ өсіру кешені. Онда жылына 2,5 мың тонна шампиньон өндіру жоспарланған. Жоба аясында біртұтас кешен ретінде жұмыс істейтін екі өндірістік алаң қарастырылған. Оның алғашқы алаңында саңырауқұлақ өсіруге қажетті субстрат – қоректік орта өндірісі жолға қойылады.


Өңір басшысы негізгі нысандарды аралап көріп, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.