Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Чистополье-Шөптікөл» автожолында Toyota Camry және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жүргізушілер полиция қызметкерлері болған. Апат салдарынан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыхан қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза тапты.

СНХ:ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ – СҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ