Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өзінің 27-ші театр маусымының шымылдығын ашты. Мерекелік кешке келген көрермен театрландырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.
«Өмір. Театр. Тарих» атты театрландырылған композиция арқылы өнер ұжымы тетар тарихына шолу жасап, репертуардағы үздік қойылымдардан үзінділер көрсетті. Кеш барысында театр оркестрі, «Шабыт» би ансамблі мен «Сенситив» би тетары сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменді ерекше әсерге бөледі. Жаңа театр маусымында сахнаға жас актерлер қосылып, жаңа леп әкелді. Жалпы, театр ұжымының биылғы жоспары ауқымды. Өнерсүйер қауымға бірталай тың туынды ұсынғалы отыр.
СНХ:ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Жиналған көрермен жаңа маусымнан үлкен әсер алып, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
СНХ:ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, Көрермен
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының 27-маусымы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Театр ұжымының биылғы дайындығы да нығыз, жоспары да ауқымды. Жаңа маусым аясында тың қойылымдар, соның ішінде «Мөлдір махаббат» және «Смағұл шыңы» премьерасы көрермен назарына ұсынылмақ. Театр ұжымы биыл да мазмұнды репертуарымен көрерменінді қуантпақ ниетте.