Облыста 424 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны – 71 мыңнан асады, оның ішінде 36 мыңнан астамы тегін тамақпен қамтылған. Қазақстандағы мектептік тамақтануды ұйымдастырудың қолданыстағы тәжірибесіне жасалған талдау бірқатар жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті. Олардың ішінде – мәзірдің балалардың физиологиялық қажеттіліктеріне сай келмеуі, санитариялық-гигиеналық талаптардың бұзылуы. Осыған байланысты білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартының жаңартылуы – мектеп оқушыларының қауіпсіз, сапалы, ұтымды әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

СНХ:ГҮЛНАР СЕЙІТОВА СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Жаңартылған Стандарт 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді және ол білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық жағдайға, мәзірді әзірлеуге және тамақ сапасына бақылауды жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Жаңа Стандарттағы негізгі өзгерістер: тағамдағы қант пен тұз мөлшерін азайту; көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерін тұтынуды көбейту; тәтті газдалған сусындар мен шырындарды алып тастау; олардың орнына газдалмаған су, сүт, қышқыл сүт өнімдері, жеміс шайлары, компот, термиялық өңдеуден өткен қант мөлшері төмен жеміс-жидек сусындары енгізілді.