Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Соған орай 2027 жылы Жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды. Бұл – әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім. Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналысады. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына уақыты болады. Өйткені депутаттар партиялық тізім бойынша сайланғаны жөн, - деді Мемлекет басшысы. Саясаттанушылардың айтуынша, бұл өте маңызды мәселе болғандықтан оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет.
СНХ:ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде қажет болған. Қазір Мәжілістің құзырын кеңейте отырып, бір палаталы парламенттің болуы – ол саяси қажеттілік.