Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Ауданның әкімі Жанар Құсайын есеп беріп, ауыл шаруашылығындағы жетістіктер, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы баяндады. Облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жауапты басшыларға мәселелерді шешуді тапсырды.
Облыс әкімі Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Басқосуға басқарма басшыларының барлығы шақырылған. Тиісінше, азаматтар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алады. Кездесу аталған ауданның әкімі Жанар Құсайынның есебімен басталды. Ол ауыл шаруашылығындағы жетістіктер, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы баяндады. Аққайың - алғаш аталған сала бойынша өңірдегі шоқтығы биік аудан. Диқандары 219 мың гектар алқапқа дән сіңірген. Оның 60 пайызы дәнді және дәнді бұршақты дақылдарға арналған. Еңбеккерлер бүгінгі күнге дейін біраз шаруа тындырыпты.
СНХ:ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
СНХ:СВЕТЛАНА ҚАСЫМОВА, СМИРНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
СНХ:КҮЛМАШ КӨРКЕЕВА, ҚИЯЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ