Петропавлда жаңа дәстүрдің бастауы қойылды. Пестрое көлінің жағасында алғаш рет «Otbasy Fest» отбасылық фестивалі өтті. Жүздеген қала тұрғыны демалыс күнін өзгеше өткізуге асығып, отбасымен бірге серуен құрып, түрлі ойындар мен сайыстарға қатысты. Көңілді іс-шара тұрғындарға шаттық сыйлап, көл жағасын думанға бөледі.
«Otbasy Fest» отбасылық фестивалі тұрғындарды Пестрое көлінің жағасына біріктірді. Іс-шараны «Отбасы банкі» Qyzyljar Creative Center және Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды. Фестивальдің мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды банктің әлеуметтік бастамаларымен таныстыру.
СНХ:НҰРГҮЛ БОЛАТОВА – «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Фестиваль қонақтарына түрлі шығармашылық қойылымдар, фотозоналар мен отбасылық ойындар ұйымдастырылды. Эстафеталар мен командалық жарыстарға қатысқан тұрғындар жақсы демалып, ерекше қуат алды. Іс-шараға қатысқан Петропавлдық Гүлмира Ташкенова бүл күні отбасымен бірге жағымды эмоция мен жақсы көңіл-күйге бөленді.
СНХ:ГҮЛМИРА ТАШКЕНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мерекенің ең әсерлі сәті – аспанға ұшырылған түрлі-түсті батпырауықтар болды. Көл жағасын көрінісімен сәндеген бұл дәстүрлі ойын қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Мұндай іс-шаралар қарапайым да қымбат отбасылық құндылықтардың мәнін айшықтап, бірге өткізілген әр сәттің өмірлік естелікке айналатынын көрсетті.