Тайынша ауданында ауылдардың ажарын ашатын жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында биыл бірқатар жобалар қолға алынды. Ауылішілік және аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жасалып, әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен жаңартылуда.
Биыл Тайынша ауданында 13 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды көздейтін 9 жоба іске қосылды. Бұл ел игілігі үшін жасалған нақты қадамдардың бірі.
СНХ:БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Абаттандыру жұмыстары тек орталықпен шектелмейді. Виноградовка ауылында су желілерін жаңғырту қараша айында аяқталмақ. Ал Яснополян ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде де тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуда. Жергілікті кәсіпкермен бірлесіп, ауылішілік жолдарға тас төселіп, көше шамдарын жөндеу жұмыстары басталды.
СНХ:ЕРМҰҚАН ТЕМІРБАЕВ, ЯСНОПОЛЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Тайынша ауданының тұрғындары туған жерін көркейтуге белсенді атсалысуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акцияларына тұрақты түрде қатысып, ауылын гүлдендіруге үлес қосып жүр.