Петропавлда ҚР Ұлттық ұлан академиясының 200 курсанты ант қабылдады. Салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі Ұлттық ұлан академиясының саптық алаңында болды. Сарбаздар қызметте адал болуға, Отанды абыроймен қорғауға серт берді.
Әскери ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат төнсе, мойымай көтеру, қажет болса жан қию деген сөз. Бұл әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Бүгінгі таңда академияда сегіз мамандық бойынша офицерлер даярланады. Он кафедра бар. Жас сарбаздарды айтулы оқиғамен генерал-майор Бауыржан Әбжанов құттықтады.
СНХ:БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салтанатты іс-шарада шамамен 200 бірінші курс курсанты Отанына және халқына адал болуға ант етті. Ұлттық ұландағы қызмет – ерлік пен батылдықты, темірдей тәртіп пен биік рухты талап етеді.
СНХ:ӘЛІБЕК ЖҰМАҚАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ
Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар да қатысып, маңызды сәтке куә болды. Әрі перзенттерінің алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді. Солардың бірі әскери өмірге қадам басқан Әлібек Жұмақановтың анасы. Ол баласын мақтан тұтып, Әлібекті інілеріне үлгі дейді.
СНХ:ӘСЕЛ ҚҰСАЙЫНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жалпы, оқу орны осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам офицерді дайындап шығарған. Салтанатты іс-шара аяқталған соң, курсанттар жауынгерлік дайындық шеберліктерін көрсетіп, саптық жүріспен жүріп өтті.