Петропавл қаласындағы «Жастар» стадионында өрт-құтқару спортынан республикалық жарыстар өтіп жатыр. Іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогы аясында ұйымдастырылған. Бұл дүбірлі додаға елдің әр аймағынан келген ерлер мен әйелдер қатысып, өз шеберліктерін көрсету үстінде.
Турнир аясында қатысушылар төрт түрлі кезең бойынша өзара бақ сынайды. Атап айтқанда: 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, оқу мұнарасының 2 және 4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу, эстафета және жолақтан өту арқылы мотопомпамен су шашу. Жарыстың қарқыны жоғары, бәсекелестік те күшті болғандықтан, кей жағдайларда спортшылар жарақат алуы мүмкін. Сол себепті жарыс алаңында медициналық көмек көрсетуге дайын жедел жәрдем мамандары тұрақты түрде кезекшілік атқаруда.
СНХ:ДАНИЯР ӘБДІХАЛЫҚОВ – СПОРТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жарысқа тәжірибесі мол құтқарушылармен қатар, жас спортшылар да қатысты. Сайста өңір атынан қатысқан Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенттері өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар өз сөздерінде, бұл дода оларға кәсіби жолға дайындалуға, физикалық төзімділіктерін арттыруға зор мүмкіндік беретінін айтты.
СНХ:ЕГОР ГОРБАТОВ САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Өрт-сөндіру құтқару бойынша өтіп жатқан сайыс турнир 7 қыркүйекке дейін жалғасады.