Жастар – елдің болашағы. Тайынша ауданына қарасты Чкалов ауылындағы мектеп Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енді. Бұл білім ордасының ұстаздары мен оқушылары түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанып жүр.
№1 Чкалов орта мектебінде 380 оқушы білім алады. Үлгілі білім ордасына айналуы – басшысының еңбегі. Ол мектепке жан-тәнімен берілген, балаларды жақсы көреді және олардың жан-жақты дамуына бар күшін салып келеді.
Титр: БОРИС ГАЛИЦКИЙ, №1 ЧКАЛОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Байқау бірнеше айға созылды, бізді көптеген көрсеткіш бойынша бағалады. Бұл – оқушылардың дайындық деңгейі, білім сапасы. Негізгі міндет – мультимедиялық технологияларды пайдалану. Біз оқу үрдісінде жасанды интеллект қолданамыз.
КСМ: Заманауи құрал-жабдықтар да білім сапасын көтеруге ықпал етуде. Бүгінде 18 оқу кабинеттің 13-і интерактивті тақтамен жабдықталған. Сабақ барысында жасанды интеллект те тиімді қолданылады.
титр: ЕЛЕНА РОВДЕ, ҰСТАЗ
- Сабақтарымда нейрожелі қолданамын. Бұл жұмысты жеңілдетіп, дайындық уақытын қысқартады. Қазіргі балалар – визуалдар, олар оқып жатқанын естіп қана қоймай, көріп, ұстап көруі керек.
КСМ: Бүгінде мектептің басты мақтанышы – түлектері. Олардың үшеуі оқу орнын үздік аттестатпен тәмамдады. Ал Татьяна Купина – «Алтын белгі» иегері. Сондай-ақ ол ауыл мектептері арасында қазақ елі бойынша орыс тілі пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, республикадағы ең үздік оқушылардың қатарына кірді.
Титр: ТАТЬЯНА КУПИНА МЕКТЕП ТҮЛЕГІ
- Мен заң саласында жұмыс істегім келетін. Ұзақ дайындалдым. Бірақ заңгерлік мамандықпен жұмыс табу қиын екенін түсіндім. Сол себепті анағұрлым тәжірибелік бағытты таңдадым – ол мұнай-газ ісі.
КСМ: Мектепте спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Мәселен, «Подсолнухи» би ұжымы жүлделі орындарға ие. Жеңімпаздар қатарында спортшылар да бар.
Наталья Аитова, Анатолий Белоног ЖҚ