Облыстық фтизиопульмонология орталығында «ТОҚТА ТБ» (СТОП ТБ) серіктестігінің өңірлік өкілдігін дамыту мәселелері талқыланды. Жиын барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай сарапталып, туберкулезге қарсы іс-шаралардың нәтижелері мен ведомствоаралық іс-қимылды нығайту жолдары қаралды. Қатысушылар дертпен күрестегі серіктестікті жандандыру мәселелеріне басымдық берді.
Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша аурушаңдық деңгейі 9%-ға азайған. Бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған «ТОҚТА ТБ» серіктестігінің өңірлік өкілдігі аясында дәрігерлер, депутаттар мен еріктілер науқастарға қолдау көрсетіп, халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.
НАТАЛЬЯ СУХОДУБОВА, СҚО ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ФТИЗИАТРЫ:
Бірлескен жиындар өңірде туберкулездің алдын алу мен емдеуге бағытталған. Бұл істе 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Сенім-солтүстік» қоғамдық бірлестігі негізгі серіктестердің бірі болып табылады. Ұйым дерттің алдын алумен қатар, ауруды анықтау және емдеуден қол үзген науқастарды қайтару жұмыстарымен белсенді айналысады.
ЕЛЕНА КУСАИНОВА, «СЕНІМ-СОЛТҮСТІК» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Тараптар бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарларды айқындады. Бүгінгі таңда дертті ерте анықтау және аурудың ауыр түрлерінің алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.