Облыс орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, жыршы, «Парасат» және III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Алмасбек Алматовтың алты томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Рухани кешке жыр сүйер қауым жиналып, өнер иесінің шығармашылығына ерекше құрмет көрсетті.
Сыр өңірінен арнайы келген Алмасбек Нұрмаханұлының алты томдық еңбегінің тұсаукесері зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері және жыр өнерін қадір тұтатын қала тұрғындарының басын қосты. Кеш барысында жыршының шығармашылығы мен ұлттық өнерге қосқан үлесі кеңінен айтылды.Айта кетейік, биыл Алмасбек Алматов 70 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға орай облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан арнайы құттықтауы жолданды.
СНХ: ДОСБОЛ ӘБДІРЕЙІСОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алмасбек Алматов – Сыр өңіріне тән жыраулық дәстүрдің сабақтастығына айрықша үлес қосқан өнер қайраткері. Ол жастайынан домбыра ұстап, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» сынды халық дастандарын жырлап, «жас жыршы» атанған. Оның бастамасымен жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Бүгінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, өнердің өрісін кеңейтіп келеді.
СНХ: АЛМАСБЕК АЛМАТОВ, ЖЫРШЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айта кету керек, биыл облыстың құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай өңірде бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Күләш Байсейітова атындағы ұлттық өнер университетінің филиалын ашу. Аталған бастамаға Алмасбек Нұрмаханұлы да өз үлесін қосқан.