Көктемгі-жылу маусымының басталуымен тұрғындар терезелерді жиі ашып, тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері өзекті бола түсуде. Осыған орай өңірде өрттің және балалардың терезеден құлауының алдын алу бағытында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері облыс аумағында 126 өрт тіркеліп, тілсіз жаудан 16 адам мерт болып, 5 адам жарақат алған. Көпқабатты тұрғын үйлерде 3 өрт оқиғасы тіркелді. Мамандардың айтуынша, өрттің негізгі себептері – электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі, сымдардың қысқа тұйықталу, сондай-ақ пештерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы мен отты абайсыз қолдану.

СНХР: ДИАНА ШАМШУАЛИЕВА, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Сонымен қатар, мамандар балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударуда. Өткен жылы көпқабатты үйлерден балалардың құлауының 4 фактісі тіркелген. Ал биыл мұндай жағдайлар орын алмаған. Қауіптің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз терезе» акциясы басталды.

СНХР: ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Акция аясында құтқарушылар мен еріктілер тұрғындармен кездесіп, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, ал тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Алдағы уақытта мұндай алдын алу шаралары өңір бойынша жалғасын табады.