2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Осыған орай, «Асыл Мирас» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді ақпараттандыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Жиында аутизм туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, ерекше балаларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Орталық «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл жоба Петропавл қаласынан бөлек, еліміздің 13 қаласында бірдей тұжырымдама бойынша жұмыс істейді. Бағдарлама аясында алты бағыт қамтылған: ерте қолдау, оқыту, әлеуметтік және өмірлік дағдыларды дамыту, «Jasper» бағдарламасы және қарқынды курс.

СНХР: НАЗГҮЛ ТОРТУЛОВА, «АСЫЛ МИРАС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бағдарлама аясында балалар жас ерекшелігіне және қажетті дағдыларына қарай топтарға бөлінеді. Әр балаға жеке жоспар құрылып, жеке жұмыс жүргізеді. Жалпы мамандар ата-аналарды балалардағы аутизмнің алғашқы белгілеріне ерте назар аударуға шақырады.

СНХР: СӘУЛЕ ҒАББАС, АТА-АНА

Бүгінде орталықта 13 маман еңбек етеді. Олардың қатарында дефектологтар мен педагог-психологтар бар. Мамандардың пікірінше, мұндай бағдарламаларды қолдану - ерекше балалардың әлеуметтенуіне және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.