Петропавл көшелерінде электрлі самокат жүргізушілері және велосипедшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Айталық өткен жылы велосипед жүргізушілерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 16 адам зардап шеккен. Күн жылынысымен тәртіп сақшылары бұл бағытта қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында велосипед жүргізушілерінің қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам зардап шекті. Тағы екі адам электрлі самокат жүргізушісінің кінәсінен жарақат алды. Петропавлда полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың осы санатымен профилактикалық жұмысты күшейтті.

Велосипедшілерге 14 жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі, жүргізуші куәлігінсіз, бірақ жол қозғалысы ережелерін толық сақтай отырып. Велосипедшілерге де, электрлі самокат жүргізушілеріне де жолаушыларды тасымалдауға, рульді ұстамай жүруге, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасауға — мысалы, көп жолақты жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелінде міндетті түрде көліктен түсу қажет. Полицейлер еске салып отырған бұл ережелер қарапайым болғанымен, өмірлік маңызы зор.

СНХР: Санат Еменалин — Петропавл қ. ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы

Полиция қызметкерлері атап өткендей, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі қасақана емес, мұқиятсыздықтан орын алады. Сондықтан тәртіп сақшыларының жұмысында басты назар профилактикаға аударылған — әрбір жол қозғалысына қатысушы өз жауапкершілігін түсініп, үйіне аман-есен оралуы үшін.