М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Заң мен тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында «Жастар сағаты» атты ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 100-ге жуық студент қатысты. Кездесу студент жастар мен құқық және қауіпсіздік саласының мамандары арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдағы жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Іс-шараға шақырылған құқық қорғау саласының мамандары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті нығайтудың маңызын атап өтті.

СНХР: АЙСЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ

Сондай-ақ, іс-шарада интернет-алаяқтық, есірткі құралдарының заңсыз айналымы және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік пен түрлі аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

СНХР: ЖАНСАЯ ҚОРҒАНБАЙ, СТУДЕНТ

Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.