Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысының аграрийлерімен кездесті. Жиын барысында аграрлық сектордың өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, өнімділікті арттыру, фермерлерді қолдау және алдағы егіс науқанына дайындық барысы кеңінен талыланды.
Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,8 триллион теңгені құраған. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің негізгі аграрлық өңірлерінің бірі ретінде өз позициясын сақтап отыр. Сонымен қатар, ол өңірдің жалпы аймақтық өнім құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 20%-ға жететінін атап өтті.
СНХР: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
2025 жылы 8 миллион гектар алқапта жүргізілетін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына шамамен 750 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап аграрийлерді ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасуда.
СНХР: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Сонымен қатар, биыл Үкімет мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Оны іске асыруға 400 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Наурыз айынан бастап «Игілік» және «Береке» жаңа жеңілдетілген несие өнімдері іске қосылды.
СНХР: ХАСЫМ ИТҚҰСОВ, ҚР АШМ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сондай-ақ вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Ақжар ауданындағы «Эрсалды» шаруа қожалығының басшысы Аскери Қабдрахманов мал сатып алуға қойылған талаптарға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, мемлекет белгілеген 1 миллион 200 мың теңге көлеміндегі лимит шетелден ірі қара мал әкелуге жеткіліксіз. Бұл мақсатқа кемінде 2,5 миллион теңге қажет.
Кездесу қорытындысы бойынша аграрийлер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.