Жақын арада өңір диқандары егіс науқанын бастайды. Осыған орай облыс орталығында көктемгі дала жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне арналған дәстүрлі семинар-кеңес өтті. Ауқымды жиынға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, аудан әкімдері мен өңірдегі ауыл шарушылығы саласының мамандары қатысты. Сонымен қатар, іс-шара барысында аграрийлерге 5 су жаңа техниканың кілті табысталды.

Іс-шараның басында ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында аграрилерге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларының кілттері салтанатты түрде табысталды. Өңірде жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынды жүріп жатыр. Биыл «ҚазАгроФинанс» компаниясы өңірге шамамен 80 миллиард теңге, ал ел бойынша 300 миллиардтан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Осы қаржылық қолдаудың арқасында техника лизингі арқылы ауыл шаруашылығымен айналысатындардың саны 12 мыңға дейін өсуі мүмкін.

СНХ: АЙДАР ПРАШЕВ, «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Жыл басынан бері өңірде 1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 3 мыңнан астам техника жеткізілді. Бұл – көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясындағы жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жалпы, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы техника паркін ұлғайтып, бұл көрсеткішті кемінде 12 мың бірлікке жеткізу жоспарланып отыр. Іс-шарада су жаңа техниканың кілтіне ие болғандардың бірі – «Писаревское Агро» ЖШС директоры Жамбыл Қамытаяқов. Аграрийдің айтуынша, биылғы науқанға техниканың 95 пайызы дайын.

СНХ: ЖАМБЫЛ ҚАМЫТАЯҚОВ, «ПИСАРЕВСКОЕ - АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Өңір басшысы көрмеге қойылған заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен танысып, олардың техникалық мүмкіндіктері мен тиімділігін бағалады. Сондай-ақ, өңір басшысы көрме аясында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, олардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі туралы айтты. Кейін іс-шара ауқымды жиынмен жалғасты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қатысушылар ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін атап өтті. Цифрландыру, спутник пен дрондарды пайдалану өнімділікті арттыруға, ал жасанды интеллект ауа райын болжауға, топырақты тексеруге және зиянкестерді ерте анықтауға көмектесетіні айтылды. Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығының вице – министрі Аманғали Бердалин қатысып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айта кетті.

СНХ: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Еске салсақ, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн 100 млрд теңгеден асты. Қазақстанның Еңбек Ері Мұрат Қаражұманов ауыл шаруашылығы саласында озық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың артықшылықтарына тоқталды.

СНХ: МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ

Жыл сайын егін науқанының алдында өткізілетін дәстүрлі жиынға барлық аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Биыл Айыртау ауданында бұл науқанға дайындық қарқынды түрде жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстары 15 сәуірден басталмақ.

СНХ: АЛТЫНБЕК МАҒЫМОВ, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4,3 миллион гектардан астам жерге егін егу жоспарланып отыр. Оның 13 мың гектардан астамы ылғал үнемдеу технологиясымен өңделеді. Өңір басшысы көктемнің ерте келуіне байланысты дала жұмыстарына тез әрі дайын болу керектігін айтты. Аграрийлердің негізгі мақсаты – топырақтағы ылғалды сақтау, қысқы су қорын дұрыс пайдалану және егісті дұрыс егу ережелерін орындау.