Петропавлда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері үшін зияткерлік ойын өтті. «ЭКО IQ: Таза Қазақстан» атты викторинаға үш команда қатысты. Ойын барысында студенттер экология, қоршаған орта мен табиғатты қорғау тақырыптары бойынша білімдерін көрсетті.

Ойын басталмас бұрын қатысушылар ерекше таныстыру карталарын ұсынды. Әр команда өз атауын ойлап тауып, ұрандарын бекітіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Содан кейін үш команда бірлесіп жұмыс істей отырып, экология саласындағы білімдерін сынап көрді.

АЛЬБИНА СОВЕТ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Зияткерлік ойын екі кезеңнен тұрды: миға шабуыл және пікірталас. Студенттердің білім деңгейі мен шапшаңдығын әділқазылар алқасы бағалады. Мұндай сайыс түрі қалдықтарды қайта өңдеу және адамның табиғатпен өзара байланысы туралы мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді

ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы көптеген іс-шаралар да жүйелі түрде өткізіліп келеді.