2-сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапты аш – ғажайыптар басталды» атты балалар кітабы апталығы басталды.

Дәстүр бойынша, жыл сайын сәуір айында кітапханада балалар кітабының апталығы өтеді – бұл балалар кітабын насихаттауға және балалардың оқуын насихаттауға бағытталған іс-шаралар циклі. Кітап апталығы – жас оқырмандарды, педагогтер мен ата-аналарды біріктіретін кітап мерекесі.

ДАМИРА ЖҮСІПОВА – Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛ ӘДЕБИЕТТЕРІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Іс-шара барысында кітапхананың үздік 15 оқырманы салтанатты түрде марапатталды. Оларға мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

ӘСЕЛ САҒЫНДЫҚОВА – "ҮЗДІК ОҚЫРМАН" АТАЛЫМЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Апталықтың ашылуындағы басты оқиға – әдеби квест-ойын болды. Қатысушылар тақырыптық станциялар бойынша саяхат жасап, қызықты тапсырмаларды орындады, жұмбақтарды шешіп, танымал кітап кейіпкерлерімен кездесті.