Петропавлда өткеннің ізі сақталған өзгеше орын бар. Мұнда кеңес кезеңінен жеткен, бүгінде сирек кездесетін тұрмыстық және өндірістік бұйымдар қойылған. Қызығы сол — жәдігерлердің бірқатары құрылыс жұмыстары кезінде, ескі нысандарды бұзу барысында кездейсоқ табылған.
Осы жердегі заттарды ол бес жыл бұрын жинай бастаған. Алғашында құрылыс саласына қатысты құрал-саймандар топтамасын жасаймын деп ойлады. Алайда, ескі үйлер мен ғимараттарды бұзу кезінде табылған құнды заттар бүгінде шағын мұражайдың экспонаттарына айналған.
СНХ: СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ
Уақыт өте келе музей қоры толықты. Мұнда қабырға және қол сағаттың түр-түрін көруге болады. Жүздеген төсбелгі, көмірмен қыздырылатын және электр үтіктер, самаурындар, көне ыдыс-аяқтар, тіпті майданнан жеткен хаттар да сақтаулы. Сондай-ақ, өткен ғасырға тиесілі тұрмыстық техникаларда бар. Олардың біразы әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.
СНХ: СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ
Кейіпкеріміздің жеке қызығушылықтары да бұл жерден анық байқалады. Жастайынан фотоөнерге әуес болған Сергей Петрович мұнда әр кезеңге тиесілі отызға жуық фотоаппаратты жинаған. Бұл жерге қала тұрғындары да өз еркімен үйінде тұрған құнды заттарын әкеліп, музей қорын толықтыра түскен.
СНХ: СЕРГЕЙ ЮДИН , АҒАШ ӨҢДЕУ ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ
Бұл шағын мұражайдың қорында кітап өте көп. СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ алдағы уақытта оларды ардагерлер үйі мен кітапханаларға өткізуді жоспарлап отыр.