Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері - Серік Қалиевпен кездесу өтті. Іс-шараға 40-қа жуық колледж студенті мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар қаламгердің шығармашылығымен танысып, бүгінгі балалар әдебиетінің дамуы төңірегінде пікір алмасты. 

Серік Қалиев сегіз жылға жуық уақыт баспа саласында еңбек еткен. Ақының төрт өлеңдер жинағы жарық көрген. Соның бірі – «Ұқыпты бала» атты өлеңдер топтамасын қаламгер кездесуде жас оқырмандарға таныстырды. Кездесу барысында ол балалар әдебиетінің қазіргі қоғамдағы рөліне тоқталып, кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.

СНХР: СЕРІК ҚАЛИЕВ, АҚЫН, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

Кездесу диалог форматында өтіп, колледж студенттері мен мектеп оқушылары әдебиет пен поэзия төңірегінде еркін пікір алмасты. Қатысушылар өздерін қызықтыратын бағыттар туралы айтып, пікір алмасты.

СНХР: АЯКӨЗ НҰРМҰХАН, ОҚУШЫ

СНХР: АНЕЛЬ АЙТПЕК, СТУДЕНТ

Іс-шара жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Мұндай кездесулер балалар әдебиетін насихаттап, жас буынды кітап оқуға баулуға мүмкіндік береді.