Солтүстік Қазақстан облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Көтерілген мәселелер жер учаскелері мен әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты болды.

Көкшетау қаласынан бейнебайланыс арқылы Антонина Огурная сөз алды. Ол жер пайының төленбеуіне шағымданды. Алайда өтініш берушінің анасы жер үлесін 2002 жылы сатып жібергені белгілі болды. Соған қарамастан, қазіргі жер иесі әлеуметтік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тілеуберді Шопанов Мағжан Жұмабаев ауданындағы жер учаскелерінің тиімсіз пайдаланылуы мәселесін көтерді. Облыс әкімі бұл сұрақты бақылауға алуды тапсырды. Ал Жания Азтаева оңтүстіктен қоныс аударған. Ол тұрғын үй алу үшін берілетін экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана алмай отырғанын айтты.

ЖӘНИЯ АЗТАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы бұл жағдай құжат рәсімдеудегі қателікке байланысты болғанын айтты. Мәселе жақын арада шешімін табады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

– Бұл шешілетін мәселе. Біз 10 күн ішінде көмектесе аламыз. Тиісті қолдау көрсетіледі.

ЗКТ: Ерекше балалардың ата-аналары «Менің балам» қоғамдық бірлестігін құрып, тегін білім беру және бос уақытты ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып келеді. Мұнда ерекше қажеттілігі бар жүздеген бала қажетті дағдыларды меңгеруде. Алайда орын тапшылығына байланысты барлық баланы қамту мүмкін болмай отыр. Сондықтан ата-аналар ғимарат жағынан көмек сұрады. Өңір басшысы мемлекеттік органдарға бұл мәселені пысықтап, қолдау көрсетуді тапсырды