Петропавл қаласының Береке ықшам ауданында №29 орта мектептің салтанатты ашылуы өтті. Білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылының қарсаңында мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова қатысып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Өңір басшысы сыныптарды аралап, балаларға жасалған жағдайды көрді.

Салтанатты іс-шара 1-ші сынып оқушылары соққан дәстүрлі алғашқы қоңыраудан басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұстаздар қауымын, ата-аналарды және оқушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтап, «келешек мектептері» ұлттық жобаның өңірдің білім беру жүйесін дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Іс-шараға бірінші сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар және ардагер педагогтер қатысты. Жаңа оқу жылының заманауи әрі қолайлы жағдайда басталуы шағын аудан тұрғындары үшін үлкен мереке болды. Ата-аналар балаларға өз тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.


Мұнда кең оқу кабинеттері, спорт және акт залдары, заманауи STEM-зертханалары, робототехника, хореография кабинеттері мен коворкинг аймақтары бар. Оқушылардың қолайлылығы үшін оқу құралдарын және ауыстыратын киімдерін сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылған.

СНХ:АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Жаңа мектеп 600 орынға шақталған. Құрылыс жұмыстарын «Единство» ЖШС жүргізді. Жаңа оқу жылында мектепке 780 оқушы қабылданды, олардың ішінде — 85 бірінші сынып оқушысы және 47 мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі бар. Мектептің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау жүйесімен, дыбыстық хабарлау құрылғысымен және турникеттермен жабдықталды.

СНХ:СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, №29 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ


Мектепте балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында сенсорлық бөлме мен инклюзия кабинеттері бар. «Келешек мектептері» — еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба. Оның басты мақсаты – заман талабына сай сапалы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи мектеп инфрақұрылымын құру. №29 мектеп - осы жоба аясында салынған облыстағы екінші мектеп.