Облыс орталығында Конституция күніне орай "Ата Заң - бірліктің негізі" атты салтанатты жиын өтті. Оның барысында еңбегімен ерекшеленген бірқатар солтүстікқазақстандықтарға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.
Конституциямыздың қабылданғанына биыл 30 жыл. Содан бері ел халқы заңдар жиынтығында көрсетілген бағыт-бағдармен өмір сүріп келеді. Олай деуге басты құжаттың 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілгендігі негіз бола алады. Салтанатты жиынды ашқан өңір басшысы барша солтүстікқазақстандықтарды Ата заңымыздың 30 жылдығымен құттықтап, Конституцияның маңыздылығына тоқталды.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Алқалы жиында бірқатар солтүстікқазақстандық мемлекеттік награда - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Солардың бірі еңбек сіңірген профессор Клара Атығаева. Зейнет демалысына шықса да әлі де ғылыммен айналысып келеді.
СНХ:КЛАРА АТЫҒАЕВА - ДОЦЕНТ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ПРОФЕССОРЫ
Сондай-ақ жиында "Алтын алқа" төсбелгісімен көпбалалы үш ана марапатталды. Бұдан соң өңір басшысы кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеттері үшін бір қатар солтүстікқазақстандықтарға құрмет грамоталары және алғыс хаттар табыс етті.
СНХ:ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Т2022 жылы жалпы референдумда еліміздің басты заңына өзгерістер енгізілді. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды – ол маңыздың құжаттың бірінші тармағында көрсетілген адам, оның құқықтары, бостандығы мен қадір-қасиеті. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.