Жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавлдағы №8 орта мектепте ата-аналарға арналған іс-шара өтті. Ол республикалық «Мектепке дайындық» марафоны аясында ұйымдастырылды. Жиында «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің мамандары кеңес беріп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналарды мектепке дайындық алаңдатады. Балаға қолдау көрсету, оны дұрыс бағыттау – ең маңызды міндеттердің бірі. «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі бірнеше жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеді. Сарапшылар ата-аналарға мектепке бейімделу жолдары туралы тәжірибелерімен бөлісті.
СНХ:ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ – «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шараға педагогтар, полицейлер және психологтар қатысты. Олар балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызын айтты. Сондай-ақ өңір мектептерінде жүзеге асып жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының рөліне тоқталды. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық азайып келеді, бірақ мәселе әлі де өзекті.
СНХ:САҒИДОЛЛА ИТЕКБАЕВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Баланың оқу жылына эмоционалды тұрғыда дайын болуы да аса маңызды. Психологтар ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жас ерекшелігіне қарай өзгертіп, дұрыс бағыт берудің жолдарын түсіндірді.
СНХ:ИРИНА ЯКИМОВА - ПСИХОЛОГ
Іс-шара соңында ата-аналарға балаларды қолдаудың ең тиімді жолы – өздерінің үлгі болу екені ескертілді.