Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешудің қажеттілігіне назар аударды.
Жылу электр орталықтарының тозуын азайту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Қазіргі уақытта ауқымды жөндеу науқаны жүргізілуде: 2025 жылы 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қабылданып жатқан шаралар қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде: жабдықтарды жаңғырту мен жаңартудың арқасында ел бойынша ЖЭО-лардың орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді. Жылыту маусымына дайындық мәселесі Мемлекет басшысының да ерекше бақылауында. Президент Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде №2 турбоагрегатына күрделі жөндеу, теміржол жолдарын жөндеу, №1 және №4 қазандық агрегаттарына, сондай-ақ №6 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.