Бүгін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Студенттік ассамбеляның» ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.

«Студенттік ассамблея» төрағасы болып 3 курс студенті Көркемай Жүсіпбек тағайындалды. Қызылорда қаласының тумасы енді өңір жастарының бастамаларына серпін беруді көздейді. Ол алдағы уақытта жүзеге асырылатын тың идеялар бар дейді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Көркемайға сәттілік тілеп, жаңа жобаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

СНХ:КӨРКЕМАЙ ЖҮСІПБЕК, «СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ» ТӨРАҒАСЫ


Жиын барысында жастар өңірлік құрылым өкілдерімен еркін форматта кездесті. Олар өз ойларын салып, жаңа идеялармен бөлісті. Салтанатты жиында еріктілер мен белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Осындай марапатқа ие болғандардың қатарында бірінші курс студенті Асанәлі Таласпай да бар. Ол университетке биыл ғана түссе де, екі жыл қатарынан Ассамблея жастарында ерікті ретінде белсенді жұмыс атқарған. Бүгінгі алған алғыс хаты оның еңбегінің бағаланғанының көрінісі. Асанәлі мұндай құрметке ие болғанына қуанышты екенін айтады.

СНХ:АСАНӘЛІ ТАЛАСПАЙ, ЕРІКТІ


Студенттік Ассамблея 1 қыркүйектен бастап ресми түрде жұмысын бастайды. Бұл бастама жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына жол ашпақ.