Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің кітап қоры жыл сайын жаңа басылымдармен толығып отырады. Биыл да оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, білімін толықтыратын 3000-ға жуық жаңа кітап келіп түседі деп күтілуде. Бұл – жас ұрпақтың рухани дамуына, ізденісіне, шығармашылығына мол мүмкіндік беретін қуанышты жаңалық.

Кітапхана биыл жаңа жиһаздармен толықтырылған. Балалардың ыңғайлы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа оқу жылының қарсаңында 4-ші, 7-ші сыныптың оқулықтары толығымен жаңартылған. Олар заманға сай QR-кодпен келеді. Кітапханашы Теңдік Мәлікқызының айтуынша бұл оқушылардың кітапқа, кітап оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

СНХ:ТЕҢДІК ШӘРІШЕВА МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Биыл лицейде 120 оқушы бірінші сыныпқа қабылданса, бастауыш сыныпта 430-ға жуық оқушы бар. Жалпы мектеп оқушыларының саны 1000-нан асады. Бүгін 4В сынып оқушылары жаңа кітаптарын қолдарына алды.

СНХ:САЯРА САДУЛОВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Кітап – тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы. Жаңа оқу жылында кітапхана қорының толықтырылуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне жол ашады. «Адамды адам еткен – кітап» деген сөздің мәні бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.