СҚО-да биыл өрт саны көбейген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артып отыр. Салдарынан 17 адам қайтыс болған. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Солтүстік Қазақстанда биыл 293 өрт тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 17% артқан. Салдарынан 17 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала, 27 адам жарақат алды улы газдан уланудан 1 адам көз жұмды, 13 адам жарақат алды. Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап аймақта 39 дала өрті тіркелген.

СНХ:Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары


2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында әлеуметтік осал топтарға жататын 5928 үй тіркеліп, жалпы саны - 25 мыңға жуық адамды құраған. 15 тамыздан бастап облыс аумағында

өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Нәтижесінде 220 үйде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған.

СНХ:Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары


Департамент тұрғындарды жылыту маусымында пеш пен электр құрылғыларының жарамдылығын тексеруге шақырады. Пешті қараусыз қалдырмау, балаларды отпен жалғыз қалдырмау, жанғыш сұйықтықтар қолданбау маңызды. Қарапайым қауіпсіздік ережелері өрт пен уланудың алдын алуға көмектеседі, дейді олар.