Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 29 студенті қос дипломды бағдарлама аясында Аризона университетіне аттанды. Онда «Биотехнология» және «IT» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан жастар 1 семестр оқиды. Әріптесім Рабиға Ералының баянематериалынан көрейік.
29 студентке шетелде білім алу мүмкіндігі бұйырып отыр. Аризона университетіне аттанған жастар үшін бұл – кәсіби дамудың жаңа белесі. Университет басшылығы да бұл бағдарламаның болашағы зор екенін айтады.
СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Шетелге оқуға кеткен жастар бір семестрден кейін елге оралып, білімін жалғастырады. Ал түйген тәжірибелері мен жинаған білімін ертеңгі күні ел игілігіне жұмсамақ.
СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Бүгінде университет – жай ғана аймақтық оқу орны емес, ол – солтүстік өңірдің академиялық хабы. Білім алу тұрғысынан тартымдылығы артып келеді. Мұнда «білім беру туризмі» ұғымы даму үстінде. Қазіргі таңда университетте 16 елден келген студент білім алуда.
СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Бағдарламаға қатысып отырған студенттердің бірі – Мамлют ауданының тумасы Бекарыс Балағанов. Ол ақпараттық жүйелерді басқару мамандығы бойынша білім алуда. Айтуынша, ІТ мен әскери саланы ұштастыру бала күнгі арманы.
СНХ:БЕКАРЫС БАЛАҒАНОВ, ҚОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Жаңа жатақхананың алдында студенттерді шығарып салуға ата-аналары мен достары жиналды. Аризонаға жолға шыққалы тұрған Қанат Есләмнің әжесі Гүлжанат Мұстафина жастарға ақ тілегін арнап, батасын берді.
СНХ:ГҮЛЖАНАТ МҰСТАФИНА