Петропавлда «Қауіпсіздік күзетіндегі технологиялар» және «Түтінсіз темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына жауапкершілік» тақырыптарында брифинг өтті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елімізде вейптерді, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Соңғы 7 айдың ішінде облыс аумағында 7 қылмыстық іс тіркелді. Ал үш айдың ішінде облыс көлемінде дрондар арқылы 79 құқықбұзушылық анықталған. 

Қазақстанға вейптерді, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Тиісті заң өткен жылы қабылданды. Егер тұлға ережені елемесе, Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылы өңірде мұндай бірнеше жайт орын алған.

СНХ:МАКСИМ ДОРОВИК, СҚО прокурорының аға көмекшісі