Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – елді мекендердің табысты дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Бүгінде Аққайың ауданындағы аграрлық құрылымдар тек өндірісті ғана қаржыландырып қоймай, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына, тұрғын үйлер салуға және ауылдарды абаттандыруға да қомақты қаражат бөліп отыр.

Дайындық ауылындағы негізгі мектепте 1 қыркүйекте 76 оқушы білім алуды бастайды. Жаңа оқу корпусы жергілікті кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған. Балалар өздеріне көрсетілген қамқорлықты жоғары бағалап, үздік оқу нәтижелерін көрсетіп жатыр.

СНХ:ТАЛҒАТ РАМАЗАНОВ ДАЙЫНДЫҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдардың қатары артып келеді. Бұл оң үрдістен Аққайың ауданы да шет қалған жоқ. Аудандағы Дайындық ауылының тұрғындары саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарына ерекше мән береді. Жергілікті халық бос уақытын тиімді өткізу үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне тұрақты барып, спортпен шұғылданады.

СНХ:СЕРІК БЕКЖАНОВ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Ауыл экономикасын дамытушы кәсіпорынның табысы – жергілікті халықтың тұрмыс сапасының кепілі. Ауылдағы халық саны артып отырғандықтан, екі топқа арналған жаңа балабақша мен мәдениет үйінің құрылысы қолға алынды.