Солтүстік Қазақстан облысында полиция қылмыспен күрестің нәтижелері туралы қоғамдық кеңес өкілдеріне ақпарат берді.

Биылғы жылдың басынан бері 177 есірткі қылмысы тіркелді, оның 87-сі - сату фактілері. Заңсыз айналымнан 460 килограмнан астам есірткі, соның ішінде 4 килограмға жуық синтетикалық түрі алынды. Жаңа карт-шоттарды бұғаттау алгоритмінің арқасында 6 мыңнан астам транзакция, оның ішінде криптовалюталық операциялар да, жалпы 52 миллион теңгеден астам сомаға тоқтатылды. Бұл қаржы қайтадан қылмыстық айналымға түспейді. Департамент басшылығы мен қоғамдық кеңес мүшелері кездесуде проблемалық мәселелерді де талқылады: тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс, Петропавлда бейнебақылау камераларының жетіспеушілігі. Қоғамдық өкілдер алдын алу шараларына азаматтық белсенділер мен полиция ардагерлерін көбірек тартуды ұсынды. Ерекше көңіл ұрлықпен күреске бөлінді. Бұл қылмыс түрі үштен бірге азайды, екі мал ұрлығымен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды. «Заң мен тәртіп» - ұран емес, күнделікті бірлескен жұмыстың нәтижесі. Әрбір тәркіленген есірткі дозасы мен ашылған қылмыс — қоғамның қауіпсіздігіне жасалған қадам. «Біз тек құқықбұзушылықтарға әрекет етпейміз, сонымен қатар оларды болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргіземіз, қылмысқа тосқауыл қоямыз», - деп атап өтті полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.