Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен келісім бойынша Рамазанова Қарлығаш Асетқызы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қарлығаш Асетқызы 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2025 жылы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясын тәмамдады. Еңбек жолын 2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде спорттық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Спортты дамыту саласында мол тәжірибесі бар. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.