Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында құқықтық квест өтті. Іс-шара қала жастарын жинап, қатысушыларды қызықты әрі танымдық ойынға біріктірді.
«Конституция іс жүзінде» квесті жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық сезімін дамытуға және елдің Негізгі Заңы тарихына қызығушылығын оятуға бағытталды. Қатысушылар бес командаға бөлініп, Конституция баптарына, оның қабылдану тарихына, сондай-ақ ел азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне қатысты тапсырмаларды орындады.
СНХ:АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Іс-шараға қала прокуратурасының өкілдері де белсене атсалысты. Прокурорлар командалардың капитаны әрі тәлімгері болып, қатысушыларға өз білімдері мен тәжірибесімен бөлісті. Олардың қатысуы жастарға заңды құрметтеу мен құқықтық мәдениеттің маңызын түсінуге ықпал етті.
СНХ:АИДА БАБАСОВА, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.