Өңірде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтті. Биылғы сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 28 отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Береке-бірлігі жарасқан, өнегелі отбасылар елге үлгі болды.
Конкурсқа көпке үлгі-өнеге болып жүрген, береке-бірлігі жарасқан, отбасы құндылықтарын дәріптеп келе жатқан жанұялар қатысты. Олар тек өз балаларына өнегелі тәрбие беріп қана қоймай, түрлі салада табысты еңбек етіп, өнер мен білімді қатар ұштастырып жүрген отбасылар. Іс-шара барысында қатысушыларды СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин құттықтап, бұл байқаудың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.
СНХ:АСҚАР ХАБИБУЛИН, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің бас жүлдесін Шал ақын ауданы, Ортақкөл ауылынан келген Өзбековтер отбасы жеңіп алды. Енді олар өңір намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
СНХ:КӘМШАТ ӨЗБЕКОВА, «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің ЖЕҢІМПАЗЫ
Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің комиссия мүшелерінің бірі Жангелді Тәжиннің айтуынша, Өзбековтер отбасы байқауға үлкен дайындықпен келген. Ұлағатты әулет білім, еңбек және өнер салаларында табысқа жетіп, өздерінің ұйымшылдығы мен үлгі боларлық өмірімен ерекшеленді.
СНХ:Жангелді Тәжин, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Үшінші орын қалалық кезеңнің жеңімпаздары – Ахметжановтар отбасына бұйырды. Олар көпшілікке өзара сыйластық пен тәрбиелі ұрпағымен танылды. Бұл отасы қалалық кезеңде үздік атанып, облыстық сында өз орнын дәлелдеді.
СНХ:МАДИНА АХМЕТЖАНОВА, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Қалған қатысушылар түрлі номинация бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласты.