Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-шы сессиясы өтті. Биылғы басқосу «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбымен ұйымдастырылды. Сессияға облыс әкімі, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Тұңғыш президенттің бастамасымен құрылған бірегей институттың басты мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Отыз жыл ішінде Ассамблея Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға жағдай жасап, бірлік пен келісімнің нығаюына елеулі үлес қосты. Бүгінде ҚХА 400-ден астам этномәдени бірлестікті біріктіріп, бейбітшілік пен татулықтың кепіліне айналды.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Сессияға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановта қатысты. Ол этномәдени бірлестіктердің жұмысына сәттілік тілеп, бұдан әрі осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты.

СНХ:МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жиында еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жолында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Қатысушылар Ассамблеяның 30 жылдағы жетістіктеріне тоқталып, этносаралық татулық пен достықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмыста этномедиация кеңесі этносаралық қатынастарда туындайтын түсінбеушілік, дау-жанжалдардың алдын алуға және оларды шешуге негізделеді.

СНХ:ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Сессия барысында этномәдени орталықтардың белсенділері марапатталып, өңірдегі келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін тағы бірқатар азаматқа алғыс хаттар табысталды. 

СНХ:ОРАЛ ЖАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


29-шы сессияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, Ассамблеяның жұмысын жандандыруға бағытталған бірқатар шешімдер бекітілетін болады.