Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының тірегі. Бұл салада еңбек етіп жүрген мамандар халықты сапалы азық-түлікпен қамтып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кызылжар ауданындағы озық шаруашылықтардың бірі – «Шағала Агро» серіктестігі. Бұл агроқұрылым егін шаруашылығын дамытып, жұмыс үрдісіне заманауи цифрлық технологияларды тиімді енгізіп отыр. 

ЗБиыл «Шағала Агро» ЖШС-нің егіс алқабы 12 мың гектарды құрады. Қазіргі таңда серіктестік қызметкерлері орақ науқанында күн түн демей еңбек етуде. Күздік бидай толық жиналып, қазір бұршақ дақылдарын оруда. Сонымен қатар, астық қабылдау пункті де жұмыс істеп тұр.

СНХ:ҒАБДОЛҚАПАР БӘРИ «ШАҒАЛА АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Жақында ғана компания агродрон сатып алды. Заманауи техника егіс алқаптарын өнімге зиян келтірмей өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жабдықты сатып алғанда кәсіпкер мемлекеттік қолдауды пайдаланып, 25% көлемінде субсидияға ие болады.

СНХ:ЕВГЕНИЙ ЯХИМОВИЧ «ШАҒАЛА АГРО» ЖШС-НІҢ БАС АГРОНОМЫ


Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмайды. Қыста ауыл ішіндегі жолдарды тазартуға көмектессе, 1 қыркүйек – Білім күніне орай мектеп оқушыларына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар басқа да игі істерге атсалысып келеді.