Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралады. Ең алдымен жақында ашылған «Ботай» монументін көріп, Қозыбаев университенің жаңа жатақханасымен танысты. Сонымен қатар, сапар аясында қонақүй-бизнес орталық және тұрғын үй кешенін қамтитын көпфункциялы нысанның іргетасына капсула қою рәсіміне қатысты.
«Ботай» монументі биыл Петропавл қаласының 273 жылдығына ораәй ашылды. Ескерткіштің биіктігі – 14 метрді құрайды. Өте күрделі композиялық жоба гранит пен мыстан жасалған. Қазіргі таңда аумағы толығымен абаттандырылып, орындықтар қойылған. Кейін жиналғандар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жаңа жатақханасында болды. Еске сала кетейік, өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны 1937 жылы құрылған. 7 факультетте 152 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев қонақтарға университет туралы бірқатар ақпарат айтып, таныстырып кетті.
СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Вице-премьер 1200 орынға шақталған студенттер жатақханасымен танысты. Жаңа студенттер үйі заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жалпы аумағы 27 мың шаршы метрді құрайды. Тіпті жаңа ғимаратта тренажер залдары да орналасқан. Сонымен қатар бүгінгі күннің тағы бір маңызды сәті – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сапар аясында қонақүй-бизнес орталық және тұрғын үй кешенін қамтитын көпфункциялы нысанның іргетасына капсула қою рәсіміне қатысты.
СНХР:ХУСЕЙН АРСЛАН, "YDA"АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Аумағы 46 мың шаршы метрді құрайтын бұл кешенде 60 нөмірлі апартаменттік-қонақүй, 300 жоғары классты пәтер, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық аймақтар орналасады. Бұдан бөлек, Хусейн Арслан көпшіліктің ұзақ жылдан бергі арманын жүзеге асыратын облыстық көпсалалы аурухана құрылысы туралы да айтты. Жоспар бойынша, аурухана 2026 жылдың желтоқсан айының соңына қарай пайдалануға беріліп, өңір тұрғындарына қызмет көрсетуді бастайды.