Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылы аудан орталығынан небәрі 21 шақырым қашықтықта орналасқан. Соңғы 30 жылда ауыл жаңарып, адам танымастай өзгерді. Көркейген елді мекенде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық мүмкіндік бар. Бұл өзгерістер ауылдың іскер де білікті азаматы, «Дайындық-Агро» ЖШС-нің басшысы Біржан Шәймерденовтің еңбегінің жемісі.

Жергілікті кәсіпкер ауылдың дамуына тың серпін берді. Тұрғындарды тек жұмыспен қамтып қана қоймай, жайлы өмір сүруге мүмкіндік жасады. Шаруашылық басшысы мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысады. «Шаймерденов» шаруа қожалығында 700-ге жуық ірі қара бар.

СНХ: ЕЛЕНА НЕКРАСОВА, ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ БРИГАДИРІ


1997 жылы кәсіпкер Біржан Шаймерденов жұмысын бастағанға дейін Дайындық ауылында небәрі 20 ғана үй болса, бүгінде олардың саны 80-ге жеткен. Көші-қон бағдарламасымен келген тұрғындар да бар. Солардың бірі – Бақытжан Мұхтар. Ол 2023 жылы отбасымен Моңғолиядан көшіп келген. Қазір мұндағы жұмысына дән риза.

СНХ: БАХЫТЖАН МҰХТАР, «ШӘЙМЕРДЕНОВ» ШҚ ЖҰМЫСШЫСЫ


Бақытжан Мұхтар жайылымдағы малдың күтіміне жауапты. Мұнда төрт түлік дәрумендер мен микроэлементтерге бай жас шөппен қоректенеді. Ауылдың негізгі тірегіне айналған шаруашылық тек табиғи өнім өндіреді.