Есіл аудандық әкімдігі, Егін серіктестігі мен «Коптева» жеке кәсіпкерлігі арасында үш жақты меморандум қабылданған. Мақсат аудан көлемінде нан бағасын негізссіз өсіруге тосқауыл қою. Осы бағытта қолданысқа енгізілген үш жақты келісім өз жемісін беріп отыр. Қазіргі күні аталмыш аудандағы қай дүкенге кірсеңіз де сұранысқа ие әлеуметтік нан бағасы бірдей. Бір бөлке құны 110 теңге.

Есіл аудандағы шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінгі күні 886-ны құрайды. Аталмыш саланы дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектен олардың еш бірі кенде қалған емес. Тек осы жылдың өзінде «Даму» қорының өңірлік филиалы арқылы жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын тағы 11 жоба мақұлданған. Шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы өз кезегінде аудан көлемінде азық-түлік құнын тұрақтандыруға мол мүмкіндік беріп отыр. Соның бірі күнделікті тұтынатын нан бағасы. Мұндағы әлеуметтік нанның бір бөлкесі қазіргі күні 110 теңгені құрайды.

СНХ: Вадим Краснощек – Есіл ауданы әкімінің орынбасары


«Егін» серіктестігінің меншігіндегі диірмен-макарон кешенінің қуаттылығы жылына 3795 тонна ұн мен 812 тонна макарон өндіруге мүмкіндік береді. Диірменде тәулігіне үгілетін 100 тонна бидайдан алынатын ұнның 30 пайызы жоғары сортты болса, қалған 70 пайызы бірінші сорт.

СНХ: Ғалымбек Ахметов – «Егін» серіктестігі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары


Есіл ауданының орталығы Явленкадағы «Коптева» жеке кәсіпкерінің наубайханасының жұмыс істеп тұрғанына екі он жылдың жүзі болған. 15 адамды тұрақты еңбекпен қамтып отырған кәсіпорын қазір тәулігіне 4,5 мың бөлке нан пісіруге қауқарлы. Одан бөлек бұл жерде тәтті тоқаштардың да алуан түрі әзірленеді.

СНХ: Ольга Коптева -жеке кәсіпкер


Наубайханада әлеуметтік наннан бөлек үй наны, қарабидай мен кебек наны да пісіріледі. Тәтті тоқаштар ассортиментінің өзі 15. Себебі нан мен нан өнімдеріне қай уақытта болмасын сұраныс бар.