Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жедел басқару орталығы ашылды. Нысанда 72 камера іске қосылған. Мониторларға елді мекеннің түкпір-түкпіріне орнатылған бейнебақылау камераларынан сигналдар келіп түседі. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Толығырақ арна тілшісі тарқатсын.
Қаңтар айында басталған пилоттық жоба маусым айынан бастап тұрақты режимде жұмыс істеуге көшкен. Бескөл ауылындағы бұзушылықтар дәл осы бейнебақылау камералараның көмегімен анықталады.
Қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді. Үлкен мониторларға келіп түсетін видеолар арқылы жағдайды бақылап, оқиғаларға бірден әрекет етуге мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеуде: енді көшелерде күмәнді жағдайлар мен құқықбұзушыларды тезірек байқауға болады. Операторлар оқиғаны тіркеп, дереу мәліметтерді кезекші бөлімге жеткізеді.
СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Облыс әкімі Бескөл ауылынан бөлек, өзге де елді мекендерді қосу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойды. Басқа аудандарда да осындай орталықтар ашу мәселесі қарастырды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Қазіргі таңда орталық Бескөл аумағын толық қамтып отыр. Бюджеттен қаражат бөлінсе, Қызылжар ауданының басқа да елді мекендері бақыланатын болады.
СНХ: АСЛАН БЕКМАҒАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А
Билік өкілдері Бескөл тәжірибесі СҚО-ның өзге аудандарына үлгі болады деп үміттенеді. Жақында бейнебақылау камералары мен жедел басқару орталықтарының желісі түгелдей облысты қамтып, қылмыстардың ашылу деңгейін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтпақ.