Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың -Ұлы Абайы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және терең ойлы шығармаларын насихаттау болды.
Кеш барысында Абайдың өлеңдері оқылып, шығармашылығынан үзінділер ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар ақынның әндерін орындап, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті. Сонымен қатар, қатысушыларға арналып ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
СНХ: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ
«Ұлы халықтың -Ұлы Абайы» атты бұл кеш ұлы ақынның рухани байлығын өскелең ұрпаққа жеткізудің тағы бір жарқын үлгісі болды. Іс-шара барысында ақын Самрат Құскенов данышпан ақынға арнап шығарған өз арнауын оқыды.
СНХ: САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, АҚЫН
Еске сала кетсек, биыл қазақтың кемеңгер ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Бұл мерейлі дата халқымыздың рухани қазынасына айналған Абай мұрасын тағы бір жаңаша қырынан танып, ұлықтауға үлкен мүмкіндік береді.