М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 2-ші оқу корпусының қабырғасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұлы ақынның бейнесі бейнеленген муралдың ашылу салтанаты өтті. Бұл – ел тарихындағы ұлы тұлғаның рухани мұрасын ұлықтау мақсатында қолға алынған ерекше жоба. Биіктігі 18 метрден асатын мурал қаланың сәулеттік келбетіне сән беріп, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды бағалауға шақырады.
Абай суреті бейнеленген муралдың эскиздерін жергілікті университеттің “Құрылыс және дизайн” кафедрасының оқытушылары мен студенттері дайындаған. Қазір биіктігі 18 метрден асатын туынды алыстан көз тартып, қала көркін аша түсті. Сәндік оюлармен әрленген мурал екі күн ішінде толық аяқталған.
СНХР: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ -РЕКТОР
Муралда ақынның “Толық адам” ілімі мен адамгершілікке үндейтін нақыл сөздері бейнеленген. Әр сөзінің – тәрбиелік мәні зор. Жомарт Омаров – жеке кәсіпкер ғана емес, сонымен қатар Абай шығармашылығын жақсы білетін, оның туындыларын жатқа айтатын жан. Ол ұлы ақынның әрбір өлеңі мен қара сөзінен терең мағына, өмірлік сабақ алуға болатынын айтады. Оның пікірінше, Абай мұрасы – ұрпақ тәрбиесіне, адамгершілікке, рухани дамуға бағыт беретін баға жетпес қазына.
СНХР: ЖОМАРТ ОМАРОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Мурал керамикалық плиталардан құрастырылып, күнге де, жауын-шашынға да төзімді. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары үшін ғана емес, жас ұрпаққа да тағылымы мол туынды.