Болашақта құрлық арқылы байланыс орнатудың маңызы арта түседі. Қазір теңізге шығар жолымыз болмағанымен, келешекте амалын табамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында осындай мәлімдеме жасады. Қазақстанда көлік-логистика саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әріптестерін ірі жобаларды бірлесе атқаруға шақырды. Оңғар Алпысбайұлы толықтырады
Қазақстан Президентін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесіп, екі ел ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті.
Ал бұл «Аваза» конгресс-орталығы. Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушыларды ресм қарсы алу рәсіміне келді. Негізгі жиын басталмай тұрып, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Ал, Негізгі конференция өтетін «Аваза» спорт кешенінде Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның алғашқы конференциясы Қазақстанда өткен. Яғни еліміз бұл үздіксіз үдеріске бастапқы жылдардан бері қатысып келеді. Бұл санатқа әлем бойынша барлығы жарты миллиардтан астам тұрғыны бар 32 дамушы мемлекет жатқызылады. Көпшілігі қаржыландыруға және технологияға қол жеткізуде, сондай-ақ жаһандық нарыққа жол табуда кездесетін кедергілермен бетпе-бет келеді.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруін тағы бір түйткіл ретінде атады.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қазіргі кезде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы еліміз арқылы өтеді. Яғни, географиялық мүмкіндік шектеулі болса да қолда барды жүйелі пайдалана білген жөн. Қазақстанның тәжірибесі бұған айқын дәлдел.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының мақсаттары мен қағидаттарына бейіл екенін растады. Сондай-ақ жиын қатысушыларын келесі жылы сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірге Астанада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитке шақырды.