Өңірде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған түрлі іс-шаралар легі жалғасуда. «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы да Ұлы ақынның шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырды. 

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар Абайдың өлеңдерін түрлі тілде оқып, қазақтың рухани құндылықтарына құрмет көрсетті.

СНХР: Марина Тябус, «КОПЕРНИК» ПОЛЯК МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жиналған қауым Абай әндерін орындап, жас оқырмандар ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Абайдың өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер қойылған көрме де көпшіліктің назарына ұсынылды.

СНХР: СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ҚХА ӨКІЛІ


Ұйымдастырушылар мұндай рухани кездесулер достық пен бірлікті нығайтады деп отыр.