Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов – Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, спорт саласының ардагері. Ол спорттың дамуына сүбелі үлес қосып, талай талантты спортшыларды баптап, олардың чемпион атануына жол ашқан шебер жаттықтырушы. Жамбыл Тасеменовтың еңбегі мен терең білімінің арқасында өңіріміздің спорт саласында көптеген жарқын жеңісті оқиғалар орын алды. Биыл спорт ардагері 80-жасқа толуын атап өтеді.
Спорт ардагері Жамбыл Серғазыұлы Тасеменов 1945 жылы 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Киров ауылында дүниеге келген. Ол кезінде грек-рим күресінен КСРО құрама командасының қатарында өнер көрсеткен жалғыз қазақ. Өңірде спорттың осы түрін дамытуға да елеулі үлес қосты, облыстық спортта дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатын ашуға да мұрындық болды.
Снх: ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ
Биыл Жамбыл Тасеменовтың отбасында ерекше маңызды екі мереке қатар тойланады. Құрметті спорт ардагерінің мерейлі 80 жасқа толуымен жұбайымен бірге отау құрғандарына 55 жыл. Осы жылдар ішінде олар бір-біріне берік тірек болып, отбасының берекесін сақтап келеді. 2 баладан 4 немере көріп отыр.
Снх: САРА ТАСЕМЕНОВА, ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
Өңірдегі грек-рим күресін дамыту, насихаттау мақсатында Жамбыл Тасеменовтың жүлдесіне жылда турнир ұйымдастырылады. Биылда спорт ардагерінің құрметіне дәстүрлі жарыс өткізу жоспарланған.